Декларацияңызды тапсырыңыз

Өзіңізді тексеріңіз

Қазақстанда келесі сайттар бойынша активтер мен міндеттемелердің бар-жоғын өз бетінше тексеруге болады:

  1. бағалы қағаздар бойынша portal.kacd.kz
  2. тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттар бойынша homeportal.kz, gov.kz
  3. зияткерлік меншік, Авторлық құқық объектілері бойынша gosreestr.kazpatent.kz
  4. сенімгерлік басқаруға берілген мүлік бойынша egov.kz;
  5. қарыз шарттары бойынша сұрау салуды Doculite жүйесі арқылы Республикалық нотариаттық палатаға жіберу қажет.

Нысан

«Кіру» декларациясының нысаны (250)
Жыл сайынғы декларация нысаны (270)
Декларацияны тапсыруға арналған құралдар

Электронды түрде:

  1. «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы
  2. «Салық төлеушінің кабинеті»
  3. «Азаматтарға арналған электрондық үкімет» Веб-порталы
  4. Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары
Жалпыға бірдей декларациялаудың мақсаты мен міндеттері:
  • Әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру
  • Әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру
  • Сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету

Жеке тұлғалар жалпыға бірдей декларациялау кезеңдеріне сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы бастапқы декларацияны (250.00-нысан), яғни есепті жылдың соңындағы жағдай бойынша өзінің барлық мүлкі мен активтерін тіркейтін «кіріс» декларациясын тапсырады.

Декларацияны тапсыру мерзімі: 15 қыркүйек

Ол Декларациялау жүйесіне кірген күні жинақталған активтерді тіркеу және олардың өсуін кейіннен мониторингтеу үшін бір рет ұсынылады.